Жастар ісі комитеті

Жастар істері жөніндегі комитет туралы ереже Жастар істері жөніндегі комитеті (ЖІК) студенттік өзін-өзі басқару формасы болып табылады және білім беру үдерісін басқаруда, студенттер өмірінің сұрақтарын шешуде, оның әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін дамытуда, әлеуметтік бастамаларды қолдануда және іске асыруда студенттердің құқыларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Жастар істері жөніндегі комитетінің жұмысының мақсаттары және міндеттері:
студенттердің колледжді басқаруда, білім алушылардың әлеуметтік қорғалу және олардың әлеуметтік бейімделуге көмектесуде құқықтарының орындалуын қамтамасыз ету;

  • студенттерде өзін-өзі басқару ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, оларды құзыретті және жауапты қоғам өміріне қатысуға дайындау;
  • студенттердің азаматтық мәдениетін, белсенді азаматтық ұстнымын қалыптастыру, олардың әлеуметтік жетілуін, дербестігін, өзіндік ұйымдастыру және өзіндік даму мүмкіндіктерін дамытуға көмектесу;
  • студенттердің жеке және кәсіби қасиеттерінің жетілуіне көмектесу;
  • жастар саясатына студенттердің тікелей қатысуы.

АЖМК КДМ план 2024-2025.pdf

Ақтөбе жоғары мультипрофильдік колледжі